Маңғыстау облысында мемлекеттік білім беру гранттарына арналған республикалық конкурсқа құжат қабылдау басталды. Талапкерлер 13-20 шілде аралығында өтініштерін жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары арқылы немесе eGov порталы арқылы тапсыра алады. 2026-2027 оқу жылына еліміз бойынша 89 мыңнан астам мемлекеттік білім гранты бөлінді. Айта кетейік, биыл Маңғыстау облысындағы 179 мектепті 10 045 түлек аяқтады.