Ақтауда 17 жасар жас кәсіпкер туристерге арналған ерекше дизайндағы магниттер шығарып жатыр. Сапалы әрі ұзақ сақталатын кәдесый жасау үшін олар Қытайдағы зауыттарды бір ай аралап, материалды арнайы таңдаған. Екі ай бұрын ғана басталған жоба бүгінде интернет-дүкен арқылы сатылымға шыққан.