Облыс әкімі өңір тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мәселелері бойынша кеңес өткізді. Жиында Ақтау, Жаңаөзен қалалары, сондай-ақ Мұнайлы және Түпқараған аудандарындағы су жүйесінің жағдайы қаралды. Мамандардың мәліметінше, өңірдегі сумен жабдықтау нысандары штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Ақтау қаласының тәуліктік ауыз су қажеттілігі 61 мың текше метрден асады. Бұл көлем «МАЭК», «Каспий» және «Ақтау» тұщыландыру зауыттары арқылы қамтамасыз етіледі. Кеңесте су қысымының төмендеуі байқалатын шағынаудандардағы мәселелер де сөз болды.