Қарақия ауданының Мұнайшы ауылында коммуналдық тәртіпті сақтау және заңсыз су тұтыну фактілерін анықтау мақсатында рейд жүргізілді. Тексеру барысында Жаңақұрылыс -1, Мұрагер, Ақбөбек-1, Ақбөбек-2, және Салтанат шағын аудандарындағы тұрғын үйлердегі су есептегіш құралдарының жағдайы мен желіге қосылу заңдылығы тексерілді. Сонымен қатар, тұрғындарға суды үнемді пайдалану және заң талаптарын сақтау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Мониторинг жұмыстары өндірістік нысандар мен мекемелерді де қамтыды.