Жоғалған әйел төрт күннен кейін табылды
Іздеуде болған әйел бүгін айдаладан табылды. Жаңаөзенде жоғалған 51 жастағы тұрғынды іздеуге жүздеген адам жұмылдырылған.Іздеу жұмыстары барысында полиция қызметкерлері, төтеншеліктер, әскери бөлім қызметкерлері жерүсті топтарымен қатар әуеден де бақылау жүргізген.Олар арнайы ұшақпен бірнеше шақырым аумақты шолып шыққан.Нәтижесінде жоғалған әйелді еріктілер айдаладан тапты. Аман табылған 51 жастағы әйел қазір ауруханаға жеткізілді.