Ақтауда «Таза Жағажай» республикалық сенбілігі өтті
«Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы аясында «Таза жағажай» республикалық экологиялық сенбілігі өтті. «Солдат» жағажайында өткен шараға 30-ға жуық өндірістік мекемеден 160-тан астам адам қатысты. Олардың қатарында өңірдегі ірі мұнай кәсіпорындарының қызметкерлері де бар. Қатысушылар жағалау аумағын қоқыстан тазартып, тазалық жұмыстарына атсалысты. Сенбілікке қала тұрғындары да белсенді қатысты. Отбасымен, балаларымен келген тұрғындар жағажай аумағын тазалауға үлес қосты. Шара қоршаған ортаны таза ұстауға және азаматтардың экологиялық мәдениетін арттыруға бағытталды.