"Таза Маңғыстау" челленджіне ерекше балалар да атсалысты
Тазалыққа үлес қосу - әр азаматтың ортақ міндеті. Бұл игі іске ерекше балалар да атсалысып, «Таза Маңғыстау» челленджіне өз үлесін қосты. Ақтау қаласындағы теңіз жағалауында өткен экологиялық акция барысында олар ата-аналарымен бірге қоршаған ортаны қоқыстан тазартты. Балғындар жағалауға шашылған пластикалық құтылар мен олардың қақпақтарын жинап, теңіз жағалауының көркін сақтауға атсалысты. Олар туған өлкенің тазалығына бейжай қарамайтынын көрсетті.