Ақтаулық суретшілердің көрмесі өтеді
Маңғыстаудың сайын даласы мен жағаға соққан теңіз суретші үшін сарқылмас шабыт көзі. Туған жердің табиғатынан қуат алған суретші Инна Ермакова 20 жылдан бері туған өлке табиғатын, ұлттық дәстүрі мен адамын кенепке түсіріп келеді. Алда оның елордада өтетін ауқымды көрмесі бар. Ал ақтаулықтар суретішінің туындыларын 12 қыркүйек «ШУМ» сауда орталығында өтетін «Ақтау - сүйікті қалам!» көрмесінен көре алады.