Танк экипаждары жауынгерлік шеберлігін сынады
«Оймашы» әскери полигонында ауқымды оқу-жаттығу өтіп жатыр.Теңіз жаяу әскерлері бригадасының танк экипаждары әртүрлі қашықтықта нысана көздеуден кәсіби шеберлігін байқатты.Мерзімді қызметтегі сарбаздар Т-72 танктерін басқарып, белгіленген тапсырмаларды орындады.Экипаждарға нысаналарды жою және жауынгерлік тапсырманы аяқтау үшін небәрі 3 минут уақыт берілді.