Негізгі Жаңалықтар Аббат Өрісбаев депутаттық сұрақ жолдады

Аббат Өрісбаев депутаттық сұрақ жолдады

Бүгін өткен Құрылтай отырысында депутат Аббат Өрісбаев Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиевке депуттық сұрақ жолдады. Депутаттың айтуынша, қызмет көрсету секторы ел экономикасында маңызды орын алады. Ұлттық статистика бюросының деректеріне сүйенген Аббат Өрісбаев 2025 жылдың қорытындысы бойынша бұл саланың жалпы ішкі өнімдегі үлесі 58 пайызды құрағанын атап өтті. Ал Ұлттық банктің мәліметінше, қызметтер саудасының көлемі 26,8 миллиард АҚШ долларына жетіп, экспорт пен импорт көлемі 8 пайызға артқан.


Бөлісу