Қала көшелері ретке келтірілуде
Жаңаөзен қаласында абаттандыру жұмыстары басталды. «Таза Жаңаөзен» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының жұмысшылары қала көшелерін ретке келтіріп, ағаштардың қураған бұтақтарын кесуге кірісті. Сондай-ақ жолдардың бүлінген бөліктерін қалпына келтіруде. Жұмыстар қала әкімінің тапсырмасына сәйкес жүргізіліп жатыр.