Негізгі Жаңалықтар Тастеміровтар әулеті - саялы бәйтерек

Тастеміровтар әулеті - саялы бәйтерек

Тастеміровтер әулеті - ұрпағы ұлағатты, шаңырағы шаттыққа толы мерейлі отбасы. Үлкен әулеттің ақылшылары - 97 жастағы Шалабай Тастеміров пен 88 жастағы Өріс Тастемірова. Ерлі-зайыптының отау құрғанына биыл 70 жыл. Осы уақыт ішінде 13 баланы тәрбиелеп өсіріп, бүгінде 45 немере мен 60 шөбере сүйіп отырған бақытты ата-әже. Шалабай ақсақал - ұзақ жыл ауыл шаруашылығы саласында еңбек етіп, ферма меңгерушісіне дейін көтерілген тыл ардагері. Ол 1929 жылы Жармыш елді мекенінде дүниеге келген. Ал Өріс әже - қолөнердің қыр-сырын меңгерген шебер. Қазақстанның алтын кітабына енген шаңырақ туралы толығырақ келесі сюжетте.


Бөлісу