Жайық жағасындағы күзгі маусым
Атыраулықтар үшін балық аулау таңсық кәсіп емес. Бірі үшін жайыққа қармақ салу - күнкөріс көзі болса, енді бірі үшін сүйікті әуес іс. Ал Жайықтың жағасы балықшылардың бас қосатын, қармағын салып, суға көз тігетін сүйікті орны. Жайықтың жағасынан тіпті жергілікті тұрғындар былай тұрсын, Атыраудың балығын аулау үшін өзге өңірден баратын әуесқой балықшыларды да кездестіруге болады.