Сарғада дзюдодан аудандық ашық біріншілік өтті
Сарға ауылында дзюдодан аудандық ашық біріншілік ұйымдастырылды. Жарыста 2016–2017 жылдары туған жас спортшылар қатысты. Алты командаға бөлінген балуандар татамиде өзара мықтыны анықтады. Жалпы жарысқа 100-ге жуық жасөспірім қатысып, шеберліктерін көрсетті.