Шағын зауыттың өндірісі күрделі, өнімі жоғары сұранысқа ие. Іріктелген целлофан, пластикалық құтылардың қақпағы шоғыр арқылы түйіршіктеледі. Бөтелке уатқыш құрылғысымен ұсақталады. Кейін құм мен бояу араластырып шатыр жабытқыштары мен тас төсеуіштері жасалады. Айына экологиялық таза, сапасы жоғары 250 - 300 шаршы метр өнім шығарып тұр. Осылайша қайта өңделген тұрмыстық қалдықтар бүгінде қала көшелеріне төселуде.
Гүлара Мұханова - іріктеуші
«Жұмысымыз қиындау болса да, қаланың көркеюіне, қоқыстан тазалануына тырысып жатырмыз. Кішкене өзімде мақтаныш бар. Осы қоқыстан брусчатка, черепица жасалып жатқанына».
Шум:жұмыс барысы
Сәуле Жолманбетқызы - тілші
Мына іріктеу жүйесін өндірістің жүрегі десе де болады.Сәл қана істен шығып қалса жұмысшылар іріктеуді қолмен жүргізуге мәжбүр болады. Сондықтан құрылығыларды дер кезінде күтіп баптаса, комбинатқа күніне келетін 120 - 150 тоннадай қоқыс тым жақсы тұрмыстық тауарларға айналып шыға келеді.
Сәрсенбай Қайырбаев - тұрмыстық қатты қалдықтарды қайта өңдеу және көму комбинатының басшысы
«Шыққан өнімдерді сатып алып жатқан жеке кәсіпкерлер де бар. Қаламыздың безендіру, абаттандыру, жаяу жүргіншілер жолдарын, аялдамаларға өзімізден шыққан өнімдерді қолданамыз. Сапа жағынан сертификат бар. Жыл сайын арнайы органдардан алып тұрмыз».
Бүгінде шағын зауыт пластикалық құты мен картон макулатурасыннығыздап, экспортқа да жіберіп отыр. Комбинатты жаңғырту аясында алдағы жартыжылдықта бұл өнімдер өзімізге де таратылатын болады. Қалаға қажетті жасанды жол кедергілері, құдықтардың қақпақтарысияқты сұранысқа ие өнімдер де шығарылмақ.