Онда ауыл әкімдерін сайлау қалай өтетіндігі сөз болды. Сондай-ақ, екі жақты тәжірибе алмасу мәселесі де айтылды. Кездесу барысында бас консул Әзірбайжан елінің тарихи жәдігерлері туралы сыр шертетін кітапты комиссия ұжымына табыстады.

Эльмар Маммадов- Ақтаудағы Әзірбайжан Республикасы бас консулдығының басшысы

Сайлау комиссиясының ұжымына рахмет айтқым келеді. Осы кездесу арқылы комиссия жұмысымен таныстым. Әрі бұл біздің достық қарым-қатынасымызды нығайтады деп есептеймін. Алдағы уақытта ортақ іс атқарып, қолдау көрсетуге дайынбыз.