Ал Бұған дейін Ақтау қаласының әкімі қызметін атқарған Нұрдәулет Қилыбай облыс әкімінің орынбасары болып тағайындалды. Нұрдәулет Қилыбай Қазақ көлік және коммуникация академиясын және Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін "Темір жол көлігімен тасымалдауды ұйымдастыру" және "Қаржы және қаржы құқығы" мамандықтары бойынша білім алған. Еңбек жолын 1999 жылы Атырау тасымалдау бөлімшесінің станциялары бойынша кезекші болып бастаған.