Жаңаөзен қаласының тәртіп сақшылары жұмысқа орналастырамын деп, оннан аса тұрғынды алдаған алаяқ әйелді ұстады. Ол жәбірленушілердің сеніміне кіріп, кез келген жерге жұмысқа орналастырып беремін деп уәде берген. Алаяққа сенгендер жұмысқа орналасу үшін әйелге қомақты ақшасын беріп, жер сипап қалған.