Өңірдегі сауда орталықтарының сөрелерінен қауіпті тағамдар  алынып тасталды. Сонымен қатар, 3 мыңнан астам өнімнің сынамасы іріктеп сатып алынып, олар зертханалық тексеруден өткізілді. Мұның бәрі облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мамандары жүргізген өнімдер қауіпсіздігіне мониторинг кезінде белгілі болды.