Оқушылар көшбасшысы сайланды
Парламент президентін сайлау өтті. Президенттікке 3 үміткер ұсынылды. Оларға дауыс беру таңғы 9-дан кешкі 5-ке дейін жүргізілді. Нәтижесі ертең белгілі болады. Айта кетейік, Ақтаудағы нөмірі 24-ші жалпы білім беретін мектептің 7 мен 10-шы сынып арасындағы оқушылар бюллетень толтырып, өз таңдауларын жасап, арнайы жәшікке салды. Ұйымдастырушылар бір мектептің президентін сайлау күнін кәдімгі бір елдің президентін сайлау науқаны өткендей етіп өткізді. Тіпті президенттікке үміткерлер сайлау алды өз бағдарламаларын таныстырып, оқушылар дауыс беру тәртібімен танысқан.