Қоқиқаздар келді
Қаракөлге қоқиқаздардың алғашқы легі келді. Қазір көл аумағында шамамен 40-50 құс бар. Мамандардың айтуынша, Қаракөл - қоныс аударатын қоқиқаздардың тынығып, күш жинайтын орындарының бірі. Олар мұнда 7-10 күндей аялдайды. Жылына көлге қоқиқаздардың 2-3 легі келуі мүмкін. Кей уақытта олардың саны 300-ден тіпті 600-ге дейін жетеді. Ал кей кездері тіпті қыстау үшін де Қаракөлде қалып қоятындары да бар. Үстірт қорығының инспекторлары қоқиқаздардың жағдайын 24/7 бақылауда ұстап отыр.