«Каспий - достық теңізі»: халықаралық фестиваль қорытындысы
Ақтауда «Каспий - достық теңізі» халықаралық фестивалінің қорытындысы шығарылды. Бір сахнада Қазақстан, Ресей, Әзербайжан, Түрікменстан және Ираннан келген өнерпаздар бас қосты. Салтанатты шарада фестивальге қатысушыларды марапаттау рәсімі өтті.