Мектепалды дайындық: білім мен дағды
Бала мектепке барғанға дейін кемінде бір жыл дайындалуы керек. Бұл туралы «Зейін» оқу орталығының басшысы Диана Аманшақызы айтады. Оның сөзінше, мектепалды дайындық тек әріп танып, сан үйренумен шектелмейді. Бала жаңа ортаға бейімделіп, өз ойын еркін жеткізуге, тапсырманы тыңдап, түсініп орындауға және өз бетінше әрекет етуге дағдылануы қажет.