Ақтауда Гейдар Әлиевтің 100 жылдығына арналған шара өтті. Әзірбайжан Республикасы үшінші президентінің ғасырлық мерейтойына аймақ басшысы Нұрлан Ноғаев, Әзірбайжан Республикасының Ақтау қаласындағы Бас консулдығының басшысы Эльчин Маммадов пен Ақтаудағы әзірбайжан диаспорасы және зиялы қауым өкілдері қатысты.