"Қошқар ата" қоймасында 105 млн тоннадан аса зиянды қалдықтар ауаға тарап жатыр. Ал оны залалсыздандыруға міндеттелген мердігер биыл жұмысын тағы тоқтатты. Айтуынша жобада белгіленген 17 млрд теңге аздық етеді. Соған байланысты қазір жаңа сметалық құжаттамасын әзірлеген. Онда жоба құны үш есеге өскен. Оны алу үшін мемлекеттік сараптама тағайындалды.