Италияның Латина қаласында өткен  “Circeo Accademia CUP” халықаралық турнирінде маңғыстаулық гимнасшылар топ жарды. Атап айтқанда, облыстық көркем және эстетикалық гимнастика федерациясының спортшылары 2008 жылғылар арасында Рысбике Сейбағыт, 2010 жылғылар арасында Софиянұр Зинуллаева және 2011 жылғылар арасында Інжу Бегендікова жүлделі бірінші орынды жеңіп алып, алтыннан алқа тақты.