Соңғы бес жылда өңірге үш триллион теңгеден астам инвестиция тартылған. Ал биыл сегіз айдың қорытындысы бойынша негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 658 млрд. долларды құраған. Аталған көрсеткіш бойынша Маңғыстау облысы республикада көш басында. Бұл VIII сайланған Маңғыстау облыстық мәслихатының бесінші сессиясында айтылды. Сонымен қатар биыл 8,3 млрд. теңгеге сегіз инвестициялық жоба сәтті іске асырылды.