«Қайыртпай кеткен Қашаған». Осындай тақырыппен өңірде аймақтық жас ақындар айтысы өтті. Дүбірлі жыр бәйгесінде 14 – 25 жас арасындағы қатысушылар сынға түсті. Дарындыларға Мэлс Қосымбаев, Нұрлан Мұсаев, Балғынбек Имашов, Еркебұлан Қайназаров пен Жандарбек Бұлғақов қазылық етті. Сөз додасын облыстық білім басқармасы мен «Жыр жебе» ақындар мектебі бірлесе ұйымдастырды.