Ақтаудағы №7 мектеп-лицейінде терроризмге қарсы оқу-жаттығу өтті. Оған бастауыш пен жоғары сынып оқушылары қатысты. Шара Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің тапсырмасына сәйкес ұйымдастырылды. Мектеп оқушыларына арнайы сценарий бойынша нұсқау беріліп, қызметкерлер мен білім алушыларды жедел эвакуациялау жұмыстары жүргізілді.