Облыс әкімі Нұрлан Ноғаев жұмыс сапарымен Түпқараған ауданына барды. Аймақ басшысының сапары 3300-ден астам халқы бар Таушық ауылынан басталды. Мұнда тұрғындардың дені мал шаруашылығымен және сүт өнімдерін шығарумен айналысады. Қазір ауылда жалпы ұзындығы 17 шақырым газ құбырының құрылысы жүргізіліп жатыр. Жобаны 2023 жылдың қазан айында аяқтау жоспарланған. Құбыр пайдалануға берілген соң 400-ден астам отбасы көгілдір отынмен қамтамасыз етіледі.