«Маңғыстау өңірлік электртораптық компаниясы» 2023-2024 жылдарға арналған күзгі-қысқы кезеңге дайындық паспортын алды. Жыл сайын, жылу беру маусымы басталғанға дейін өңірлік энергетикалық компаниялар күзгі-қысқы кезеңге әзірлік паспортын алады, бұл құжат – энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлігін растайтын, жыл сайын берілетін құжат. Энергия кәсіпорнын дайындау бойынша жөндеу бағдарламасы 100% - ға сәтті аяқталды. Қазір мамандар алдағы маусымға электр желілік нысандарды даярлау жұмыстарына кірісті.