Бүгін - ұлттық валюта күні. Төл теңгемізге биыл 30 жыл. Осыған орай облыс орталығындағы Ұлттық Банк филиалында музей ашылды. Онда 200-дей жәдігер сақтаулы тұр. Кеңес дәуіріндегі рубльден бастап, алғашқы теңгелер, күміс пен алтыннан жасалған монеталар да бар.