Мұнайшы, энергетик, Қазақстан мұнай өнеркәсібінің үздігі Нұрлыхан Бекбосынов атындағы Маңғыстау энергетикалық колледжіне биыл 50 жыл. Осыған орай, "Жеңістен жетістікке" халықаралық форумы ұйымдастырылды. Жарты ғасырлық мерейтойды атап өту үшін еліміздің әр өңірінен келген қонақтардың қарасы көп болды.