Маңғыстауды уақытша паналауға келген құлсарылықтар өз үйлеріне оралып жатыр. Өткен аптадан бері өңірден мың жарым адам кеткен. Соның ішінде Ақтаудағы 118-ші жатақханадан 300-ге жуық адам автобуспен жолға шықты.