Маңғыстауда «Үстірт» мемлекеттік табиғи қорығы шамамен 640 мың гектар аумаққа ұлғайтылады. «Оңтүстік Үстүрт» кластерлік учаскесі деп аталатын аумақты құру жұмыстары былтыр басталған. Облыста комиссия құрылып, зерттеу жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде көрші Өзбекстан және Түрікменстан елдерімен шектесіп жатқан аумақ «Үстүрт» қорығына беріліп, қорғауға алынатын болды.