Ақтауда жылдамдықты асырып, қауіпсіздік белдігін тақпайтындар, көлікті мас күйде басқаратындар азаймай тұр. Өткен демалыс күндері заңды белшесінен басып, ережені ескермегендер бұған дәлел. Нәтижесінде полицейлер 500-ге жуық әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады.