Ақтаудағы 11-шағын ауданның тұрғындары үй маңынан салынған  құрылысқа наразы. Жиналғандардың айтуынша, 16-үйдің жанынан кітапхана ғимараты тұрғызылған. Ал құрылыс жұмыстары үйдің маңындағы коммуникацияға зиянын тигізіп жатыр. Тұрғындар онсыз да үйдің жан-жағында дәріхана, азық-түлік дүкені сияқты ірілі- ұсақты кәсіптің қаптап кеткенін айтады.