Ауыл медицинасының әлеуеті артып келеді
Ауыл медицинасының әлеуеті артып келеді. Жаңаөзен қаласына қарасты Рахат ауылындағы №3 емхана күрделі жөндеуден өтті. 2013 жылы пайдалануға берілген медициналық нысанда науқастарға сапалы қызмет көрсету үшін қолайлы жағдай жасалған. Сонымен қатар, емхананың материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында жаңа медициналық құрылғылар да жеткізілмек.