Негізгі Жаңалықтар Жаңа үйдегі жайсыздық

Жаңа үйдегі жайсыздық

Жаңа үйдегі жайсыздық


Ақтауда жаңа баспанаға қол жеткізген тұрғындардың қуанышы коммуналдық түйткілдерге ұласқан. Күн райы бұзылса, көшені батпақ басады. Электр жарығы сағаттап сөнеді. Ал кейбір пәтерлерге көгілдір отын әлі қосылмаған. Жарық жалп етіп сөнсе, жылу жүйесі де тоқтап, тұрғындар байланыс пен интернетсіз қалады. Жаңа үйге көшіп, тұрмысы түзелер деп үміттенген жұрт енді қарапайым жағдайдың өзін талап етуге мәжбүр. 



Бөлісу