Масылдық емес, еңбекті таңдағандар
Мемлекет көмегіне ғана сүйенбей, еңбек етіп, қоғамнан өз орнын табуға ұмтылған жандар аз емес. Ақтауда мүмкіндігі шектеулі және зейнет жасындағы тұрғындарға жаңа кәсіп үйретіп, жұмысқа тартуға үлес қосып жүрген азаматтар бар. Олардың айтуынша, еңбек адамға табыс қана емес, өмірге деген сенім де сыйлайды.