Ақтауда кәмелетке толмаған қызды зорламақ болған мектеп күзетшісі ұсталды. Оқиға 11-шағын ауданда орналасқан №10 мектепте болған. Білім беру ұйымының күзетшісі аулада ойнап жүрген кәмелетке толмаған қыздардың қасына барып, біреуін шақырып алған. Күдікті жеткіншекті өзі отыратын бөлмеге кіргізіп, тиісе бастаған. Зардап шеккен қыздың анасы полицияға шағым түсірді. Күзетші бірден қамауға алынған. Себебі, оның іс-әрекеттері бейнекамераға жазылған. Қазір аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.