Облыс әкімі «Ұлы дала жорығы-2024» бәйгесінде 2-орын алған «Көкмойнақ» командасымен кездесті. Жиын Маңғыстаудың ең биік нүктесі -Отпан тауда өтті. 5 күнге созылған республикалық бәйгеде «Көкмойнақ» командасы мәреге екінші болып келіп, үздіктер қатарынан көрінді. Осы дода да шабандоздар мен атбегілердің еңбегіне алғыс айтқан өңір басшысы Нұрдәулет Қилыбай команданы құттықтап, алдағы жарыстарына сәттілік тіледі. Естеріңзге сала кетейік "Көкмойнақ" командасының бұл үшінші рет жүлде алуы. Жарыс алғаш ұйымдастырылғанда жеңімпаз атанған. Ал 2023 жылы аталмыш жарыста “Адай”  жылқысы 1300 шақырымды шауып өтіп, рекорд жасаған.