“Су тапшылығын жою үшін биылға жоспарланған жобаларды жеделдету қажет.” Аймақ басшысы жауаптыларға осындай тапсырма жүктеді. Биыл Ақтау қаласы мен өңірлердегі ауыз су тапшылығын азайту үшін бірқатар жобаны аяқтау жоспарланған. Мәселен, маусым айының соңына дейін «МАЭК» кәсіпорнында тәулігіне 6000 текше метр су тұшытатын қондырғылары іске қосылған. Ал жеке кәсіпкер су тұшыту зауытының қуатын 5000-нан 10000 текше метрге дейін кеңейтуді қолға алды.