Облыс әкімі жергілікті өнім өндірушілерді қолдау жұмыстарына салғырт қараған жауаптыларды сынға алды. Аймақ басшысы өңірдің экономикалық өсуі, халықтың әлеуметтік жағдайының жақсаруы туризм мен ауыл шаруашылығы сеп болатынын атап өтті. Бүгінде өңірде өз қаражатына  ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіріп, оны сату үшін жер ала алмай жүрген шаруалар бар. Кәсібін жүргізу үшін кедергілердің бар екені де жасырын емес. Аймақ басшысы аталған мәселелердің тез арада  шешілуін жауаптыларға тапсырып, түйе шаруашылығын дамытудың маңыздылығына тоқталды.