Өлкеде "Серікбол Қондыбайдың сакралды ортасы" тақырыбында экспедиция ұйымдастырылды. Сапарға ғалым атындағы музей ұжымы мен Есенов университетінің студенттері шықты. 1 аптаға созылған шараға кезінде ғалымдар мен жастардан құралған топ теңіз жағалауындағы 9 әулиеге барды. Экспедиция құрамында жергілікті өлкетанушылар Мұрат Ақмырзаев, Жанбибі Дүйсенбаева, белгілі кинодраматург Әсия Байғожина болды. Кейінгі 10 жылдан бері Маңғыстау даласын зерттеп жүрген мәдениеттанушы Зира Наурызбаева да осы іске атсалысты. Ол болашақта серікболтану жұмыстарымен жастар айналысса - дейді.