Облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай «Каспий» су тұшыту зауытындағы жаңғырту жұмыстарын қарап шықты. Жаңа қондырғыларды орнату бойынша жасалып жатқан құрылыс-монтаж барысымен танысты. Қазіргі уақытта «Каспий» су тұшыту зауытының қуатын 20 000-нан 40 000 текшеметрге дейін арттыратын қондырғылар орнатылып жатыр. Қазір бұл жұмыстар 95% аяқталды. Қазіргі уақытта қалған техникалар жеткізіліп, монтаждау жұмыстары жүргізілуде. Жоба биыл тамыз айының соңына дейін аяқталады деп жоспарлануда. Өңір басшысы жобаны іске асыруды жеделдетіп, қондырғыларды сапалы түрде іске қосуды қамтамасыз етуді тапсырды.