Ақтауда «МАЭК» ЖШС қызметкерлері магистральдық ауыз су құбырында жөндеу жұмыстарын жүргізді. Мамандар, №2 -3 орталық сумен жабдықтау торабының магистральдық ауыз су құбырының екі бөлігін ауыстырды. Диаметрі 800 мм ауыз су құбырының жөнделген бір бөлігінің ұзындығы 22,5 метр, ал екінші бөлігі 11,5 метрді құрайды. Аталған бағыттағы жұмыстар аяқталғаннан кейін ауыз су құбыры бірден суға толтырылды. Жауаптылар су құбырларындағы ақаудың алдын алу үшін қаланың төменгі және жоғарғы бөлігіндегі қысымды біртіндеп көтеріп жатқанын айтады.