Шаһарда республикалық командалық айтыс өтті. «Маңғыстау - машайықтың басқан жері!» атты додада Ақтау мен Атырау облыстарының өнерпаздары сынға түсті. Байқауда айтыскерлерден бөлек, жыршы- термешілер, дәстүрлі әншілер мен күйшілер де бақ сынайды. Дода ерекшелігі бүгінде ел арасында ұмытылып бара жатқан сүре, қайым, түре, өтірік айтыс қайта жаңғыртылды. Сөз барымтасында қатысушылар жігерлі жырларымен сахнаның көркін қыздырып, көрермендерді тәнті етті.