Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері арасында ұйымдастырылған медиа-байқау қорытындыланды. Барлығы 20-ға жуық өтінім түскен. Олар сыбайлас жемқорлықтың алдын алу  тақырыбында жазылған сюжет, мақала, бағдарламаларын ұсынды. Журналистердің жұмысын 7 комиссия сарапқа салды.  Нәтижесінде 1-орынды «Мańǵystaý» телеарнасының редакторы Замира Пірназарова иеленсе, 2-орын облыстық "Маңғыстау" газетінің журналисі Нұргүл Алясоваға бұйырды, жүлделі 3-орынды төларна редактор Мереке Мусаев алды. Ал Абзал Ақиқат ынталандыру сертификатымен, Жансая Жанұзақ, Айжан Сәбитқызы мен Мөлдір Батырбай алғыс хатпен  марапатталды.