Полицейлерге тура жолдың бойында сұрақ қойып, жауап алыңыз. Тәртіп сақшылары «Жолда қабылдау» акциясын жалғастыруда. Бұл шара қоғамдық тәртіпті және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша азаматтарға кеңестік және құқықтық көмек көрсетуге бағытталған. Бір күнде 30-ға жуық азаматтың сауалдарына жауап берген мамандар, түйіні тарқатылмай жүрген мәселелерді барынша шешуге тырысты. Ал, басқа да өтініштерге қатысты сұрақтарды тәртіп сақшылары жергілікті атқарушы органдарға жолдау арқылы көмектесті.